СҚО-да су құбыры желілерін жаңартуға және салуға қаражаттар миллиардқа жуық теңгеге арттырылды

Биылғы жылы бұл мақсаттарға бюджеттен 2,6 миллиардтан астам теңге бөлінеді.
2012 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында су-шаруашылық шараларын іске асыруға 1,65 млрд. теңге бағытталды, соның ішінде 1,5 млрд. теңге республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер түрінде және 147 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.
99 шақырымнан астам су құбыры мен таратушы желілер салынып, жаңартылды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша сумен қамтамасыз етудің 13 нысаны пайдалануға берілді. Ауыз су тұрғындар саны 7,5 мыңнан асатын 10 ауылға берілді, облыста тұрғындар саны 20 мыңнан асатын 6 ауылда сумен қамтамасыз ету жақсарды.
2013 жылы су құбырлары желілерін жаңартуды және салуды одан әрі жалғастыру жоспарлануда. Бұл мақсаттарға 2,6 миллиард теңге сомасында бюджет қаражаттары қарастырылды.
Бұл мәліметтер Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтың 22 ақпан күні беретін есебінде де келтірілген.