СҚО-да су тасқынымен күресуге дайындалуда

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қатысуымен өткен жиында алдағы сел мен өрт қаупі туындайтын кезеңге дайындық мәселелері талқыланды.
None
None

Бүгінде СҚО-да жедел штабтар жұмыс істейді, ТЖ жою үшін 1167 техника дайындалды, құрылыс және инертті материалдардың, жанар-жағар май қоры жасақталды, гидротехникалық құрылымдар тексерілді.

«Аймақ аумағында қар деңгейі көпжылдық орташа көрсеткіштен асады, ал топырақтағы ылғалдылық қоры 3 есе артық. Су тасқынына қарсы шараларды өткізу үшін су басу қаупі төніп тұрған аудандар анықталды. Облыс аумағындағы 18 елді мекенді су басуы мүмкін. Республикалық маңызы бар жолдарда 114 учаскені, облыстық маңыздағы жолдарда 179 учаскені су басуы мүмкін», - деді СҚО ТЖД басшысы Павел Филиппов. Отырыста облыс әкімі Ерік Сұлтанов жауапты ведомство басшыларына көктемгі селге дайындық бойынша кешенді шараларды қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар