СҚО-да суға кеткен 9 жасар қыздың денесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылы маңында Есіл өзенінің сол жағынан куәгерлер 25 маусымда, сенбі күні суға кеткен 9 жасар қыздың денесін тапты. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қуаттады.
None
None

«Бүгін кешкі сағат 9-дың шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылы маңында Есіл өзенінің сол жағынан куәгерлер 25 маусымда, сенбі күні суға кеткен 9 жасар қыздың денесін тапты.Мәйіт оқиға орнынан. 12 шақырым жерден табылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 25 маусым күні сағат 11:20-да Петропавл қаласы маңындағы Новопавловка ауылының «Огонек» саяжай қоғамы ауданында Есіл өзеніне шомылу кезінде 2007 жылы туған қыз суға кетті.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сол күні қыз атасы мен әжесінде саяжай қоғамында қонақта болған, атасымен бірге балық аулауға барған. Қауіпті жерде шомылу кезінде екеуін де ағыс алып кеткен, атасы судан құтылды да, қыз өзенге батып кетті. 

Соңғы жаңалықтар