СҚО-да тағы бір әскери қызметші өлі табылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда үйлердің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері департаментінің келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшісінің денесі табылды. Оқиға 21 қыркүйекке қараған түні Петропавлда болған. Бұл туралы СҚО қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

военные солдат оружие әскери сарбаз қару
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Мәлім болғандай, оқиға қызметтен тыс уақытта болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсады. Оқиға орнында суицид алдында жазылған хат табылды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін 7 қыркүйекте Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінде сарбазға оқ тиіп, қайтыс болды. Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ал кейінгі 3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарында борышын атқарып жүрген 11 сарбаз мерт болған...

Арыста әскери қызметші травматикалық қарудан жарақат алғанын жазғанбыз.

Алматыдағы әскери институтта 44 жастағы сержанттың мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram