СҚО-да тасқын су басталғалы 4,8 млн текше метр су сорғызылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында су басқан үйлер қалған жоқ. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. 

Мощные насосы круглосуточно откачивают воду в Петропавловске
Фото: Олеся Жуковень / Kazinform

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылардың үйлесімді күш-жігерінің нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысындағы су басқан үйлер толықтай судан арылды. 

Бүгінгі таңда өңірде 29 аула аумағы су астында қалып отыр.

Су тасқыны басталғаннан бері аймақта 4,8 млн. текше метрден астам еріген су сорылды.

Сондай-ақ, ҚР ТЖМ 528859 әскери бөлімі елді мекендерді санитарлық өңдеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 

Бұған дейін хабарлағанмыздай, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғындар су тасқыны кезінде өлген малы үшін өтемақы алып жатыр.  

Петропавлда су астында қалған 2156 үйдің жартысынан астамы техникалық тексерістен өтті. Әзірге 537-сінің ғана қорытындысы дайын, 238 баспана апатты деп танылды.

Су басқан Қызылжар ауданы тұрғындарына 540 млн теңге біржолғы төлем жасалды.

Соңғы жаңалықтар