СҚО-да тасқыннан зардап шеккен 11 мыңнан астам тұрғынға кеңес берілді

су тасқыны
Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан  зардап шеккен 11 мыңнан астам тұрғынға кеңес берілді. Бұл туралы СҚО қоғамдық штабының мүшесі Арман Бердағұлов айтты.

«Жергілікті жерлерде штаб мүшелері өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп жатыр. Екінші деңгейлі банктермен жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну үшін ревизеттер ұсыну мақсатында банкке бармастан жергілікті жерден-ақ есепшот ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның дерегінше, бүгінге дейін штаб мүшелері 170-тей кездесу өткізіп, 11 мыңнан астам тұрғынға кеңес беріп үлгерген. Штаб осы бағыттағы жұмысын жалғастырып жатыр. 

Брифинг барысында БҚО қоғамдық штабының мүшесі Архат Исламғали да өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай енгізілгеннен бері қоғамдық штаб жұмысын бастады. Штабтың негізгі жұмысы – эвакуациялық пункттердегі тұрғындардың жағдайын қадағалау, кездесу, мемлекет және партиялар тарапынан көрсетілетін көмекті қадағалау», - деді штаб мүшесі.

Еске салсақ, бұған дейін құтқарушылар СҚО-дағы су басқан ауылға азық-түлікті қайықпен тасымалдап жатқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram