СҚО-да телефон «лаңкесі» 2 жылға сотталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны лаңкестік актілері туралы жалған хабарлама жібергені үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы өңірдің ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Еске сала кетейік, қаңтар айында СҚО ІІД экстремизммен күрес бөлімінің қызметкерлері бір тәулікте екі рет полицияға теміржол вокзалының ғимаратына мина қойылғандығы туралы хабарлаған ер адамды ұстады. Тиісті қызметтер дереу іске кірісіп, вокзал ғимаратынан адамдар көшірілді. Ер адам «егер өзіне 5 млн. теңге бермесе», теміржол вокзалын жаратынын айтып қоқан-лоққы жасады.

Осы фактілер бойынша, ҚР ҚК-нің 242-бабы бойынша «Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін» қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам мас күйінде екі рет телефон шалғанын мойындады.

«Сот тергеу материалдарын қарап, ұсталған адамды екі жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім шығарды», - делінген хабарламада.

«Тағы бір «әзілкеш» сәуір айының басында вокзал ғимаратына «мина қойған», қазіргі кезде ол тергеуде отыр. 22 жастағы павлодарлық 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өткен жылы облыста осындай 8 жалған хабар тіркелді, олардың бәрі де ашылды.

Соңғы жаңалықтар