СҚО-да Тимирязев ауылында мешіт пен шіркеу қатар тұрған рухани орталық ашылды

ПЕТРОПАВЛ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Өткен демалыс күні Тимирязев ауданының орталығында мешіт пен шіркеу қатар тұрған рухани орталық ашылды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Біләлов қатысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ауыл тұрғындарына қаратып айтқан сөзінде аймақ басшысы: «Бұл айтулы іс-шара - елордамыз Астананың туған күнімен орайлас өтіп отыр. Сонымен қатар, таяуда Мемлекет басшысының бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезінің Астанада өткенін, оның маңызы айрықша екенін атап өткен жөн. Оның біздің елімізде өтуі кездейсоқтық емес, өйткені мұнда барлық халық тату-тәтті өмір сүруде».

Орталықтың ашылу салтанатына дін өкілдері, аудандық мешіттердің имамдары қатысып, тимирязевтықтарды рухани өмірлеріндегі үлкен оқиғамен құттықтады.

Аймақ басшысы қатысушылардың ду қол шапалақтауымен символдық таспаны кесті, мешіт пен шіркеуде болды, келушілермен сұхбаттасты.

Соңғы жаңалықтар