СҚО-да төрт адам донерден уланып қалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында спорттық ойындарды тамашалауға барған төрт адам астан уланды.

Бұл күндері М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласында облыстық «Жастар» спорттық спартакиадасы өтіп жатыр. Уланғандар – осы іс-шараны тамашалауға келгендер.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен төрт адамның үшеуі – бала.
Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы Булаев қаласы стадионы аумағындағы сауда орнынан донер сатып алып жеген.
М.Жұмабаев аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тағамнан улану фактісі бойынша тергеуді бастады. Барлық қажетті сынамаларды алды, қазіргі таңда жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді департамент қызметкерлері.
Бұған дейін СҚО-да биыл 85 адам туберкулез жұқтырғанын жазған едік.