СҚО-да түзеу мекемесінің бастығы ұсталғанын ҰҚК растады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 52 мекемесінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды. Осы дерекке қатысты Kazinform сұрауына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берді.

ҚР ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК

— Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.  Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.

Ресми емес мәлімет бойынша, түрме бастығы сотталғанды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету үшін пара алуы мүмкін. 

Халық арасында «еркін қоныс» деп аталған № 52 түзеу мекемесі Қызылжар ауданы Ольшанка елді мекенінде орналасқан. 2024 жылдан бері колонияны полковник Рүстем Рахметов басқарған.

Сондай-ақ, жақында Қызылжар ауданы полициясы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы да ұсталды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазіргі уақытта осы дерекке қатысты тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Бұған дейін «Проблемалық кредиттер қоры» басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум