СҚО-да уақытша тіркеу туралы заң нормаларын түсіндіру жұмыстары жүруде
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдіктің аппараттық жиналысында азаматтарды тіркеу туралы заңнама нормаларын түсіндіру жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көші-қон полициясы басқармасының басшысы Еркетай Тұтқышев уақытша тіркеу тәртібін түсіндіру шараларының қолда бар мүмкіндікке орай жасалып жатқанын айтты.
«Уақытша тіркеуді алу рәсімін түсіндіру бойынша ақпараттық материалдар облыстық департаменттің мекемелік порталына, ақпарат агенттіктерінің сайтына және әлеуметтік желіге жарияланды. Арнайы жадынама құрылып, барлық ХҚКО-ларға, облыстың мемлекеттік органдарына таратылды. Онда уақытша тіркеу туралы халық көп қоятын сұрақтар көрсетілген», - деді Е.Тұтқышев.
Жыл басынан бері облыста тұрғылықты жері бойынша 5070 азамат тіркелген, оның ішінде 2900 адам тұрғылықты жері бойынша, 2170 адам уақытша мекені бойынша тіркеуге тұрған.