СҚО-да ұлттық тағамдар көрмесі өтті (ФОТО)

Ақбұлақ селолық округінде 11 ұлттың өкілі тату-тәтті тіршілік кешуде. Олардың бәрі бейбітшілікті, достық пен келісімді ту еткен осынау жарқын мерекеде бас қосты.
Мереке қонақтарын Уәлиханов ауданының әкімі Аман Төрегелдин құттықтады.
«Жүзден астам ұлт өкілі Қазақстанды өз отаны ретінде санап, елдегі бейбітшілікті мақтан тұтады. Бұл орайда ҚХА орны ерекше», - деді өз сөзінде А. Төрегелдин.
Осы күні аудан тұрғындарын айтулы мерекемен петропавлдық меймандар да құттықтады. Қонақтардың ішінде шығармашылық ұжымдар, облыстық 7 бірдей этномәдени орталық пен үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Кездесу "Бейбітшілік және келісім" жол картасы шарасы аясында ұйымдастырылды.
Уәлиханов ауданының тұрғындары осындағы көрмеде ұлттық тағамдар мен сәндік-қолданбалы қолөнер туындыларын жұртшылық назарына ұсынды. Оған аудандық 13 этномәдени орталық қатысты.