СҚО-да үш ауылдық округ атауы картадан жойылады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында халық саны аз үш ауылдық округ қысқартылып, көрші ауылдық округ құрамына енеді.

СҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында жобаны депутаттар бір ауыздан бекітті.

- Заң бойынша ауылдық округ 2 және одан да көп ауылдан тұрып, халық саны 500-ден кем болмауы тиіс. Тимирязев ауданында құрамына тек бір елді мекен қарайтын 12 ауылдық округ бар. Есіл ауылдық округінде 64 адам, Целинный 155 адам, Ленинскийде 61 адам тұрып жатыр. Осы үш округте оларды қосу туралы жұмыс жүргізілді. Ауылдық жиын өтіп, басқа округке қосу туралы шешім қабылданды. Ауылдық әкімдік аппаратында үш адамнан жұмыс істейді, жылдық шығын – 87 млн теңге. Үнемделген қаражат елді мекендерді абаттандыруға, жолдарды жөндеуге жұмсалады, - деді СҚО Экономика басқармасының басшысы Наталья Дышкант.

Жоспар бойынша Есіл ауылдық округі - Ақсуат округі, Ленин округі - Мичурин ауылдық округі, ал, Целинный болса Хмельницкий ауылдық округі құрамына кіреді. Ал елді мекендердің бұрынғы атауы сақталып қалмақ.

Бұған дейін СҚО-да бір жылда аты-жөні жоқ 51 көшеге атау берілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар