СҚО-да ылғалдың жетіспеуінен егіс алқаптарының үштен бірі қанағаттанғысыз күйде қалып отыр

ПЕТРОПАВЛ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Өткен демалыс күні Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Уәлиханов аудандарында жұмыс сапарымен болып, «Жол картасы» бағдарламасының,
None
None

дала жұмыстарының, мал азығын даярлаудың орындалу барысымен және астық алқаптарының жай-күйімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Аймақ басшысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы Червон ауылдық округіндегі аграрлық құрылымдардың алқаптарында болды. Аудан әкімі Марат Тасмағамбетовтың ақпараты бойынша астықтың кеш егілуі - мамырдың 20-сынан кейін - ауыл шаруашылығы дақылдарының 85-90 пайызы егілген жағдайда олардың жетілуіне кері әсерін тигізді, өйткені ауданда ай бойы жерге тамшы жауын тамбады. Осыған ұқсас жағдайлар Возвышен, Нежин және Рузаев ауылдық округтерінде де орын алған.

Облыс әкімі Тимирязев ауданында «Атамекен Агро» ЖШС және «Куцеволов» ЖШС алқаптарында болды. Бұл жерлерде де топырақтағы ылғалдың тапшылығы қатты сезіледі.

Ендігі жерде диқандар аспаннан жауар жауынға бар үміттерін артады.

Соңғы жаңалықтар