22:54, 21 Қыркүйек 2015 | GMT +5
СҚО-да жаңа алтын өңдеу зауытында 25 келі алтын өндірілді (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Есіл ауданында болды. Аймақ басшысы жергілікті агроқұрылымдар мен «Әулие Голд Майнинг» алтын өндіру кәсіпорнына барды.

Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ерік Сұлтанов «Әулие Голд Майнинг» кәсіпорнына барды. 2014 жылдың желтоқсан айында мұнда алтын өндіруге кірісті. Компания төгілмелі кен орындарын өңдейді. Біздің елімізде осындай жолмен өндіру әдісі алғаш рет қолданылып отыр. «Әулие Голд Майнинг» ЖШС-нің директоры Павел Джулай аймақ басшысына өндірістің ерекшеліктері туралы айтып берді», - делінген хабарламада.
Бағалы металл алтын кесегіне айналғанша өңдеудің бірнеше кезеңінен өткізіледі. Кәсіпорын бір айдың ішінде шамамен 70 мың тонна кенді қайта өңдейді.
Павел Джулай бүгінде 25 келі алтын шығарылғанын баяндап отыр. Жыл соңына дейін компанияның 50-60 келі бағалы металды өндіру жоспары бар.