СҚО-да жай түсу жағдайлары жиіледі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында жай түсіп, бір адам мерт болды және тұрғын үй өртенді.

жай түсті
Фото: СҚО ТЖД

Бұл екі оқиға бір апта ішінде болған. 

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданы Краснокаменка ауылындағы жеке тұрғын үйдің шатырына жай түсіп, өрт шықты. Салдарынан қонақ бөлмедегі керме төбе мен жиһаз жанған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, жалынды сөндіріп алды. Жарақат алғандар жоқ.

Екінші оқиға Мамлют ауданында болды. 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Владимировка елді мекенінің маңында мал бағып жүрген бақташыға жай түскен. Қызыләскер ауылының 38 жастағы тұрғынын аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр. 

Мамандар ауа райы бұзылып, найзағай ойнағанда абай болуды еске салады. 

Бұған дейін Ақмола облысында әкесі мен баласына найзағай түсіп, мерт болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар