СҚО-да жергілікті зауыт тасқыннан зардап шеккендердің жаңа үйлеріне жиһаздар мен тұрмыстық техника алады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысындағы «ЗИКСТО» АҚ Петропавл қаласының әкімдігімен меморандумға отырып, тасқыннан зардап шеккендердің жаңа үйлері мен пәтерлерін жиһаз-тұрмыстық техникамен қамтамасыз ететін болды.

СҚО әкімдігі
Фото: Kazinform

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, облыстық әкімдікте ынтымақтастық туралы меморандумға Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев пен «ЗИКСТО» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Айдос Бекмағамбетов қол қойды.

Қайырымдылық көмек көрсету мақсатында «ЗИКСТО» зауыты 520 жаңа үй мен 197 пәтерді жиһаздар және үлкен тұрмыстық техникамен қамтамасыз етеді.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпорынның басшылығына тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға демеушілік көмек танытқаны үшін алғысын білдірді.

Бұған дейін СҚО-да тасқыннан зардап шеккен екі сауықтыру лагерінде жазғы маусым кеш басталатынын айтқан едік.

Соңғы жаңалықтар