СҚО-да жоғалған ауыл тұрғынын іздеуге полицейлермен бірге еріктілер де тартылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да 20 күннен бері Жамбыл ауданы Железное ауылының 47 жастағы тұрғыны іздестірілуде. Оны іздеуге полиция қызметкерлері мен бірге еріктілер де тартылды. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Мұтышев Айбас - 1967 жылы туған, СҚО Жамбыл ауданы Железное ауылының тұрғыны. Ол 20 қарашада үйінен шығып кеткен, содан бері қайтып оралмаған», делінген хабарламада.

Полицейлер мен еріктілер ауыл маңындағы орманды, көлдерді сүзіп шықты. Полиция қызметкерлері мен туыстары А.Мұтышев туралы қандайда ақпарат белгілі болса, мына байланыс телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: (87152) 39-40-07, 39-40-37, 39-41-79, (871544) 50-04-07 немесе «102». Оның бойы 165-170 см, көзілдірік тағады. Үйден кеткенде қара күзгі күрте (куртка), қара түсті резеңке етік пен басына қара бас киім киген.

Соңғы жаңалықтар