СҚО-да жол-көлік апатында бір жасқа толмаған нәресте мерт болды

Скорая помощь Жедел жәрдем
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында болған жол-көлік оқиғасында бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қараша күні Шал ақын ауданы Арай ауылының маңында жергілікті маңыздағы жолда «ВАЗ 2107» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қиыршық тастардың үйіндісіне барып соғылған.

Алған жарақаттардың салдарынан 2024 жылы туған көліктегі нәресте медициналық мекемеге бара жатқан кезде қайтыс болды. «ВАЗ 2107» автокөлігінің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болмағанын көрсетті.

Осы факті бойынша полиция қызметкерлері қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі тергеуді тағайындау үшін материалдар жинап жатыр. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданбақ.

Бұған дейін СҚО Есіл ауданында 83 жастағы ер адам іздестіріліп жатқандығын жазған едік. Ауыл тұрғыны түнде үйден шығып кеткен.

Соңғы жаңалықтар
telegram