СҚО-да жол-көлік апаттарының 14 пайызына таксидің қатысы болған

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер апаттылықты талдап, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін анықтады.

такси
Фото: СҚО Полиция департаменті

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының 14% таксилердің қатысуымен болған. Зардап шеккендер болмаса да, көлік құралдарына механикалық зақым келген. Осыған орай әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы таксопарктердің бірінде кездесу өткізді. Рейс алдындағы талаптардың дұрыс орындалуына көз жеткізіп, сондай-ақ жүргізушілермен профилактикалық әңгіме өткізді.

 СҚО-да жол-көлік апаттарының 14 пайызы таксидің қатысуымен болған
Фото: СҚО Полиция департаменті

Петропавлда қазір төрт ірі таксопарк бар. Маршрутқа шығар алдында әрбір жүргізуші медициналық тексеруден өтеді, оның ішінде алкотестер де бар. Автокөліктердің рейс алдындағы техникалық жағдайы да есепке алынады. 

 СҚО-да жол-көлік апаттарының 14 пайызы таксидің қатысуымен болған
Фото: СҚО Полиция департаменті
Серік Әлжанов
Фото: СҚО Полиция департаменті

- Апаттылықты талдау барысында жол-көлік оқиғаларына көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану негізгі себептің бірі екенін анықтадық. Жолда телефон қараудың қауіпті екені туралы тәжірибелі жүргізушілерге де еске салуға тура келеді. Мұндай кездесулер барлық таксопарктерде тұрақты түрде өткізілетін болады. Біз олармен меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде біздің қызметкерлер белгілі бір мерзім бойынша көліктер мен жүргізушілерді рейске жіберу тәртібін бақылап, практикалық кеңестер береді. Әрбір заңды таксиге отырған жолаушы өзінің сақтандырылғанын, техникалық жарамды көлікпен мұқият жүргізуші тасымалдап келе жатқанын білуі тиіс, - дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов. 

Бұған дейін Алматы-Өскемен трассасында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші мерт болғанын жазған едік.

 СҚО-да жол-көлік апаттарының 14 пайызы таксидің қатысуымен болған
Фото: СҚО Полиция департаменті

 

Соңғы жаңалықтар