СҚО-да жолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады "Қазавтодор" РМК баспасөз қызметінен.
None
None

«Ауа райының нашарлауына байланысты СҚО-да (көктайғақ) сағат 8.30-да Көкшетау-Омбы, (2-50 шақырым); Көкшетау-Рузаевка, (0-61 шақырым); Астана-Петропавл (304-341 шақырым) жолдары бойынша көліктің барлық түрлеріне жол қозғалысы шектелді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, СҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс бойынша жол қозғалысын шектеу сақталуда, барлық бағыт бойынша көліктің барлық түрлеріне 23 қарашада сағат 21.30-да енгізілген шектеу сақталуда.

Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) «Екатеринбург-Алматы» (552-729 шақырым), Қостанай қаласы учаскесінен СҚО-ға дейін; «Мамлютка-Костанай» 180-243, 249-404 шақырым, СҚО-дан Қостанай қаласына дейін көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты 23 қарашада сағат 21.00-де енгізілген Қалқаман кентінен Қарағанды облысы шекарасына дейін «Ульяновский-Керней-Үміткер-Баянауыл-Қалқаман» 0-231 шақырым жол көліктің барлық түрлеріне жабылды.

Соңғы жаңалықтар