СҚО-да жолын жылда су басатын Прибрежное елді мекенінде көпір құрылысы басталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы Прибрежное елді мекенінде салынып жатқан көпір су тасқыны кезінде ауылдың Петропавлмен қатынасын үзбеу үшін қолға алынған.

СҚО-да жолын жылда су басатын Прибрежное елді мекенінде көпір құрылысы басталды
Фото: СҚО әкімдігі

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, көпірдің жалпы ұзындығы 2 км болмақ. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Сондай-ақ Прибрежное ауылына апаратын облыстық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

СҚО-да жолын жылда су басатын Прибрежное елді мекенінде көпір құрылысы басталды
Фото: СҚО әкімдігі

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов су басу қаупі бар Қызылжар, Мамлют, М.Жұмабаев, Жамбыл аудандары мен Петропавл қаласы әкімдерінің, сондай-ақ жауапты басқарма басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді. Кездесуде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықтың негізгі мәселелері қаралды.

— Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласы ерекше бақылауға алынды. Бүгінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіп-қатердің алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылданып жатыр. Қызылжар ауданында 7 гидрологиялық бекет жұмыс істейді. Бескөлде ұзындығы 5,9 шақырымды құрайтын бөгетті қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Тепличное елді мекенінде жұмыстар толық аяқталды. Прибрежное ауылында жұмыстары аяқталуға жақын, — деді облыс әкімі.

СҚО-да жолын жылда су басатын Прибрежное елді мекенінде көпір құрылысы басталды
Фото: СҚО әкімдігі

Әкімдіктің мәліметінше, 13 ауылда жалпы ұзындығы 19 шақырым қорғаныс үйінділері салынды. Қазір Большая Малышка, Ольшанка және Долматово ауылдарында үйінділерді ылғалға және аязға төзімді геомембранамен қосымша нығайту жұмыстары атқарылып жатыр. 

Наурыз айының ортасынан бастап өзен-көлдерде жарылыс жұмыстары басталады, биыл 13 учаске белгіленді.

СҚО-да жолын жылда су басатын Прибрежное елді мекенінде көпір құрылысы басталды
Фото: СҚО әкімдігі

Петропавл аумағында су тасқыны қаупі жоғары аудандардың бірі — Заречный кенті. Бұл жерде жер үйіндісін нығайту, қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары аяқталды, ұзындығы 4,2 мың метр айналма канал қайта жаңғыртылды. Тұрғындарды елді мекеннен кезең-кезеңмен көшіру жалғасқан.

Бұған дейін СҚО-да екі гидротехникалық құрылыс апатты жағдайда тұрғанын жазған едік. 


Соңғы жаңалықтар
Референдум