СҚО-да жыл басынан бері 14 млрд. теңгенің өндірістік өнімі өндірілді

Ақпарат бойынша, облыстағы жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 58%-нан астамы жұмыскерлер саны 50 адамнан артық кәсіпорындармен шығарылады.
Өндірілетін өнеркәсіп өнімі құрылымында электр қуатын өндіру, беру және бөлу (33,1), тамақ өнімдерінің өндірісі (32,3%), машина жасау (14,3), бу беру және ауа баптау жүйесі (11,1%) сияқты қызмет түрлері басым.
Тамақ өнімдерін өндірумен 18 кәсіпорын, машина жасау өнімін өндірумен - 15, электр қуатын өндіру және бөлумен - 14, сумен жабдықтаумен 6 кәсіпорын айналысады.
«Тамақ өнімдерін өндіруде сүт өнімдері (45,4%), нан-тоқаш және ұн өнімдері (22,9), өсімдік майы (14,4) және ұн өнеркәсібінің өнімі (12,6%-ы) жетекші орын алады. Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда ірі және орта кәсіпорындар печенье және кондитер бұйымдарын өндіруді 83,3%, ұн өндіруді 22,4%, сүт өндіруді 4,1% ұлғайтты», - делінген хабарламада.
Басқа өнеркәсіп салаларында: жұмыс киімі өндірісінде (4,8 есе), пластмасса бұйымдары өндірісінде (2,6), автокөлік бөлшектері мен жабдықтары өндірісінде (2,9 есе) өсім белгіленген, strategy2050.kz.