СҚО-дағы 200-дей ауылға су құбыры тартылмаған

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде шешімін күткен мәселе бар. Өңірдің 42,5 мың тұрғыны суды тасып ішуге немесе жергілікті су көздерін пайдалануға мәжбүр.

ауыстылды
Фото: Алматы әкімдігі
СҚО прокуратурасы
Фото: СҚО прокуратурасы

СҚО прокуратурасында заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Қаралған мәселелердің бірі – өңір халқын ауыз сумен қамту жағдайы.

Жиында белгілі болғандай, өңірдегі 42,5 мың тұрғыны бар 202 ауылда су құбыры жоқ, облыстағы бар су құбыры 35% тозған. Соның ішінде Петропавлда су беру желісі 58%, Ақжар ауданында 49% және Аққайың ауданында 43% ескірген.

СҚО прокуратурасы
Фото: СҚО прокуратурасы

Прокурорлардың айтуынша, сумен жабдықтаудың жекелеген көздері иесіз тұр, кейбірі санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, суды тұтынуға бекітілген тарифтер жоқ. Сондай-ақ кей су беру нысандары сапасыз салынған, не болмаса жөнделген, кейбірінде қалпына келтіру ұзаққа созылып кеткен.

Ауыз суды тұтынуды есепке алу қажеттілігі де жиында баса назар аударылады.

СҚО прокуратурасы
Фото: СҚО прокуратурасы

Талқылау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға, табиғи монополиялар субъектілеріне және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жағдайды жақсарту және облыстың әрбір тұрғынын сумен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.

СҚО прокуратурасы
Фото: СҚО прокуратурасы

Бұған дейін СҚО-да бидайдың элеваторларға сыймай жатқандығын жазған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар