СҚО-дағы екі адамның өмірін қиған өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Полтавка ауылындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

полиция, полицейский
Фото: ҚР ІІМ

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы, 2-бөлігі – адам өлтіру бойынша қозғалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге салайық, 17 қыркүйек күні СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Полтавка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан 58 жастағы әйелдің, 44 және 46 жастағы екі ер адамның мүрдесі табылған еді.

Осыған дейін СҚО-да сіріңкемен ойнаған 9 жасар бала бүтін үй-жайды өртеп жібере жаздағаны туралы жаздық. 

Оқиға Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылында болған. Бала сарай ішінде сіріңкемен ойнап отырып, абайсызда қағазды өртеп жіберген. Отты тұтатып алған соң, оны сөндірместен үйіне кетіп қалған. Осы кезде сарайдағы өрт өршіп, түтін шатыр астынан шыға бастаған.

 

 

Соңғы жаңалықтар