СҚО-дағы Сергеев қоймасында су деңгейі төмендеп келеді

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шаралары жүйелі жүргізіліп, жағдай тұрақтала бастады. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев мәлімдеді.

СҚО-дағы Сергеев қоймасында су деңгейі төмендеп келеді
Фото: Олеся Жуковень/Kazinform

Оның айтуынша, Сергеев су қоймасы 152 пайызға толып, қауіп төндірген. Десе де, алдыңғы күні судың деңгейі 23 см-ге төмендеп, уақыт өткен сайын төмендеп келе жатқаны байқалады.

«1 мамырдан бастап СҚО аумағында судың тұрақты төмендеуі болжанып отыр. Қазіргі уақытта су астында қалған 3702 үйдің 196-сынан су сорылды. 14 388 адам эвакуацияланды», - деді Евгений Журавлев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бүгінде халықты уақытша орналастыру пункттерін 906 адам паналап отыр. Су тасқынына қарсы штабтар тәулік бойы жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар