СҚО-дағы жылда жолын су басатын Прибрежное елді мекеніне көпір салынады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынымен күресу мақсатында бірқатар жоба қолға алынбақ. 

СҚО-дағы жылда жолын су басатын Прибрежное елді мекеніне көпір салынады
Фото: СҚО әкімдігі

Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Өңір басшысының айтуынша, соның бірі — жыл сайын су тасқыны салдарынан аралда қалып қоятын Прибрежное елді мекеніне қатысты. Мәселені шешу үшін облыстық жолды жөндеп, автокөпір салу жоспарда бар. Нәтижесінде ауыл жыл бойы көлік қатынасымен қамтамасыз етіледі. Жобаның сараптамасы жыл соңында шығады, ал келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады.

СҚО-дағы жылда жолын су басатын Прибрежное елді мекеніне көпір салынады
Фото: СҚО әкімдігі

— Биылғы көктемгі тасқын Петропавлдағы Ущев көшесіндегі, Былғары кенті және Биотоған бөгеттерін бетон плиталарымен нығайтудың тиімділігін көрсетті. Енді бетондау жұмыстары Тепличное мен Прибрежное ауылдарында жалғасады. Одан кейін кезекте Бескөл ауылы тұр. Бұл қорғаныс құрылымдарының беріктігін нығайтып, елді мекендерді болашақтағы қауіп-қатерден қорғауға мүмкіндік бермек, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

СҚО-дағы жылда жолын су басатын Прибрежное елді мекеніне көпір салынады
Фото: СҚО әкімдігі
СҚО-дағы жылда жолын су басатын Прибрежное елді мекеніне көпір салынады
Фото: СҚО әкімдігі

 

Бұған дейін СҚО-да ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны артқанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар