СҚО-дағы спорт саласының дамуы мен перспективларын К.Мәсімов өңір спортшыларымен талқылады
К.Мәсімов А.Винокуров атындағы жаңа спорт сарайына барды. Премьер-Министр жас жеңіл атлетшілердің және футболшылардың жаттығуыларын тамашалап, мұз айдыны мен спорт залдарын аралап шықты. Мұнда К.Мәсімов облыс спортшыларымен кездесіп, спорт саласының өзекті мәселелерін талқылап, жаттығу барысымен танысты.
Петропавл қаласындағы А.Винокуров атындағы спорт сарайы 2015 жылдың соңында бой көтерген. Ауқымды мұзайдын алаңынан басқа, мұнда велосипедшілерге арналған база, жаттығу залы, сонымен қатар жекпе-жекке арналған және жалпы дене дайындығы залдары бар.
СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, бүгінде аймақта дене шынықтырумен және спортпен 160 мыңнан астам адам шұғылданады.
Өңірде жеті спорт клубы бар, оның үшеуі өткен жылы ашылған. Атап айтқанда, «Қызылжар СК» футбол клубы, А.Винокуров атындағы құрлықтық велосипед клубы, «Есіл» волейбол клубы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» клубы, «Қуаныш» әйелдер волейбол клубы, «Барыс» баскетбол клубы, «Құлагер» хоккей клубы жұмыс істейді. Сонымен қатар мұнда екі жоғары спорт шеберлігі мектебі мен олимпиадалық резервті даярлау орталығы бар.