СҚО-дағы түзету мекемесінде мемлекеттік рәміздер күніне орай шаралар ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Петропавл қаласынан 230 қашықтықта орналасқан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы қатаң режімдегі ЕС-164/8 колониясында «Нұр Отан» партиясы мен қалалық әкімдік өкілдерінің қатысуымен мерекелік шаралар өтті, деп хабарлады СҚО Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінен.
None
None

Аталған аймақтың департамент басшысы Нұрсұлу Көбенованың айтуынша, мәдени бұқаралық шараға «Нұр Отан» партиясының Айыртау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Ахметжанов және ауыл әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Жақсылық Жүсіпов, сондай-ақ БЖСМ директоры Әсет Шаймерденов қатысты.

«Шараға БЖСМ волейболшылар құрамасы мен Айыртау аудандық мәдениет үйінің әртістері қатысты. Мәдениет үйінің шығармашылық тобы концерттік бағдарламасын көрсетсе, волейболшылар мекеме қызметкерлерімен және сотталғандармен сайысқа түсіп, жеңіске жетті. Ал шахматтан жекелеген сында бірінші және үшінші орын сотталғандарға бұйырса, 2-ші орынға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі ие болды», - деді Н.Көбенова.

Соңғы жаңалықтар