СҚО ішкі істер департаментінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған патриотттық әндер байқауы өтті

ТРОПАВЛ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавл қаласының облыстық ішкі істер департаментінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған патриоттық әндер байқауы өтті, деп хабарлайды СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Қазылар алқасы мен көрермендер назарына өз өнерлерін 18 полиция қызметкері ұсынды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен олардың отбасыларының мүшелері «Егемен Қазақстан», «Атамекен», «Отан ана», «Менің Қазақстаным», «Господа офицеры», «Наша служба и опасна, и трудна» сияқты танымал әндерді шырқады.

Байқау қатысушыларының әншілік шеберлігін облыстық ІІД-нің жетекшілерімен қоса Погодин атындағы облыстық драма театрының директоры Дидар Малаев, облыстық филармонияның әншісі Дәмеш Құрманкина сияқты әділ қазылар бағалады.

Байқау соңында «Егемен Қазақстан» әнін орындаған Шал ақын ауданы ІІБ-нің қызметкерлері Адай Әбілмәжінов пен Әлия Марқасарина жеңімпаз атанды.

Ал Айыртау ауданы ІІБ-нің қызметкері Олег Коротченко мен Уәлиханов АІІБ-нің қызметкері Жаңбыршы Балатхан екінші және үшінші орындардың дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Аталмыш шара өз кәсібіне мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өз мамандықтары үшін жауапкершілікті сезіну, дәстүрлерді сақтау және молайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласында өтетін республикалық патриоттық әндер байқауына қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар