СҚО қаржы полициясы бастығының орынбасарын өлтірген қылмыскерлердің соты болып жатыр

«Мамандандырылған ауданаралық сотта қылмыс жасаған А.Б. Жамалиев, П.П. Ковалев, Б.М. Хукиевті айыптау бойынша қылмыстық істі тыңдау басталды. Бірінші сот отырысында жәбірленуші тарап өкілдерінен жауап алынды. Олардың бірі - куәгер. Аталмыш қылмыстық іс бойынша 8 куә бар», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ тыңдау барысында жәбірленуші ретінде сөз алған марқұм Жандос Ахметовтің әкесі айыпталушыларға өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін шығаруды өтінді.
Еске сала кетейік, тергеу деректері бойынша, Жамалиевтің қателесуі салдарынан СҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орнына шатасып, 2013 жылғы 27 желтоқсанда жалдамалы қылмыскер Петропавлда өз үйінің кіреберісінде оның орынбасары Ж. Ахметовті өлтіріп кетеді.
Келесі сот отырысы 2 қыркүйекте өтеді.