СҚО Қызылжар ауданының әкімі болып Бейбіт Исманов тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушы-әкімнің орынбасары болып Бейбіт Исманов тағайындалды.

СҚО Қызылжар ауданының әкімі болып Бейбіт Исманов тағайындалды
Фото: Қызылжар ауданының әкімдігі

Бейбіт Исманов 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

«Автомобиль көлігінің инженер-механигі» мамандығы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша Мәскеу заманауи гуманитарлық институтын, «Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі» мамандығы бойынша Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Петропавл қаласының ПМК-76-да бастаған.

1996-2000 жылдары - Петропавл қаласы «Имсталькон» ААҚ ОТС инженері.

2000-2001 жылдары - Петропавл қаласы «Кіші қонақ үй» МКК директорының орынбасары, директоры.

2002-2008 жылдары - Петропавл қаласы әкімінің көмекшісі, Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2012 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2012-2018 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.

2018-2020 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін СҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды.

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар