СҚО қонақтары Өскеменнің шығармашылық әлеуетін жоғары бағалады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Мәдениет күндері аясында ШҚО-ға барған Солтүстік Қазақстан облысының шығармашылық зиялы қауым өкілдері Өскеменді Қазақстан мақтанышына балады. СҚО өкілдері экскурсиямен мұражайға, қалалық саябақтарға, театрларға, кітапханаларға барды.
None
None

СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бөлімінің басшысы Ғалия Қазенованың айтуынша, А. Пушкин атындағы кітапхана туралы ол «Кітапхана астанасын» өткізгеннен бастап біледі. Оның жұмысының ұйымдастырылуына таңқалғанын жасырмады. Ол балалар секторы жұмысында тәжірибесін толықтыру, компьютерлік сауаттылықты, тілдерді зерделеу, әр жастағы адамдармен демалыс қызметі, тақырыптық бұрыштар мен кабинеттерді қалай безендіру жағынан көп қажетті ақпарат алғанын айтты.
«Кітапханаларыңызға оның есімі республика бойынша емес, күллі әлемге танымал болатындай табысқа жетуін тілеймін», - деді ол.
Петропавл қаласы халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының маманы Елмира Мұқышева кітапхананы - шығармашылығы жоғары мамандар жұмыс істейтін барлық бағыт бойынша ілгері, заманауи - 21 ғасыр кітапханасы атады.
Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұрмұқанова Өскеменге сапары ерекше өтіп жатқанын атап өтті.
«Қалада тамашалайтын жерлер де, тәлім алып, үйренетін де нәрсе көп екен. Бізде кітапханада 19 грант болса, мұнда ұтып алған 25 грант бар. Жұлдызды жетістіктері де ауыз толтырарлық», - деді Мұқышева.
С. Мұқанов атындағы музыкалық-драма театрының директоры Ержан Жалғаспаев мың рет естігенше, бір рет көру қажеттігін айтты.
«Өскемен таза, әдемі қала, айнала жасыл желекке оранған, қызылды-сары гүлдер. Этнографиялық қорық-мұражай да өзінің ерекшелігімен таңғалдырады. Мұндайды еш жерден көрмедім. Онда кішкентай баладан зейнеткерге дейін барлық жастағы адамдар өзіне қажеттіні табады. Адамдармен араласып, білім алуға өте ыңғайлы», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар