СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы болып Р.Бикенов тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтановтың өкiмiмен Рүстем Төлегенұлы Бикенов облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Рүстем Төлегенұлы 1973 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Черкасское ауылында туған. 1995 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын «мәдени ағарту қызметкерi» мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясын «мемлекеттiк қызмет менеджерi» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Черкасское ауылында құрылыс отрядының электршiсi болып бастады. Аққайың ауданындағы Смирново кентiнде аудандық мәдениет үйiнiң нұсқаушысы; Шал ақын ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары; Петропавл қаласында облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметтерiн атқарды. 2009 жылдан 2013 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысының облыстық мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы болды. Осы тағайындауға дейiн Солтүстiк Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қызметiн атқарды.

Соңғы жаңалықтар