СҚО-ның алты ауданында қоқыс тарифі негізсіз көтерілген
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура коммуналдық қалдықтарға қатысты экологиялық заңнаманы сақтау мәселесі бойынша алқа отырысын өткізді.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, жүргізілген талдау нәтижесінде қалдықтарды жоюға, орналастыруға қатысты және коммуналдық төлем бойынша заңнама талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды. Прокурорлардың араласуынан кейін 11 ауданда тұрғындар үшін қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер белгіленді.
Облыстың тағы 6 ауданда негізсіз көтерілген тарифтерді төмендету бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін 95 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 аудан әкімі де бар.
Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Бұған дейін СҚО-да 300-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, 1,1 млрд теңге қайтарылғанын жазған едік.