СҚО-ның әкімі аймақтың шаруаларына егін егу науқанын уақытында аяқтауды тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов егін егу науқаны қызу жүргізіліп жатқан Аққайың ауданына барды. Егу жұмыстарын жүргізуге ауа райы да жайлы болып отыр, аграршылар көктемгі егістікті белгіленген мерзімде аяқтауға асығуда.
None
None

Аралағаш ауылдық округінде егістік жердің жалпы аумағының жартысынан көбіне дән себілді. «Черкесское» ШҚ-да биыл бидайды егу үшін 4 мыңнан астам гектар жер бөлінген. Ерік Сұлтанов көктемгі-егістік жұмыстарды 3-4 күннің ішінде аяқтау қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

«Бидай егуді аяқтау керек. Көп дегенде үш күн қалды», - деді аймақ басшысы. Аққайың ауданында барлығы 269 ЖШС мен шаруа қожалығы жұмыс істеп жатыр. Егістік аумақ 210 мың гектарды құрайды, соның ішінде 162 мың жерге бидай егіледі. Жерлердің 50 пайыздан көбінде егу жұмыстары аяқталды.

СҚО-ның әкімі сондай-ақ симменталь тұқымды ірі қара малын өсірумен айналысатын «Дайындық» ШҚ-на барды. Агроқұрылымның басшысы Біржан Шаймерденов бұл тұқым малын өсіріп отырғанына біраз жыл болып қалғанын айтты. Бүгінде жайылымда 800-дей бас мал бар.

Жақын жатқан ауылдық округтердің аграрийлерімен болған әңгімелесуде Ерік Сұлтанов мал өсіруді дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Аймақ басшысы бұл сала дамып, бәсекеге қабілетті болуы тиіс екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар