СҚО-ның Аққайың аудандындағы Смирново аудан орталығында полицияның аймақтық бөлімшесі ашылды

Оның ашылуында облыстық ІІД-нің, аудандық әкімдіктің басшылары, прокуратура, сот қызметкерлері, жұртшылық, ішкі істер органдарының ардагерлері болды.
Полицияның аймақтық бөлімшесі - бұл шағын аудандық ішкі істер бөлімі. Оның ашылу қажеттілігі түсінікті: бірінші кезекте бұл тұрғындар үшін қолайлылық туғызады. Енді Смирново тұрғындарына өтініш жазу немесе учаскелік инспектордың кеңесін алу үшін аудандық ішкі істер бөліміне бару керек емес. Полицияның аймақтық бөлімшесіне барса жеткілікті. Ол кенттің адам көп жүретін жерінде, демалыс саябағының қасында орналасқан.
ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Үрімханов полицияның жаңа бөлімшесінің жұмысымен жеке танысып өтті. Онда төрт учаскелік инспектор жұмыс істейтін болады. Бөлмелері кең, жөндеуден өткізілген, барлық қажетті арнайы техникасы бар.
Шараның соңында ІІД-нің бастығы Аққайың аудандық ІІБ-нің жеке құрамымен қазіргі кездегі барлық қызметтік мәселелер талқыланған отырыс өткізді.