СҚО-ның экс-әкімі Сұлтановтың ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар-жоғы тексерілуі мүмкін

"Мен өзім кәсіпкермін. Менің жер учаскемде заңсыз бір ғимаратты көтеріп қойған. Бас мердігері - ағайынды Кошалевтер. 1998 жылдан бері олар ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері ретінде тіркелген. Осы жерде бір сұрақ туындайды. Бұрынғы әкім Сұлтанов пен Кошалевтер арасында қандай байланыс болды? Үш жыл бойы ол ұйымдасқан қылмыстық топқа арқа сүйеген. Бұл - үлкен мәселе. Солтүстік Қазақстанда өнім өндіру көлемін екі есе артық жазып келген, бәрін қолдан жасады. Ал жүз мыңдаған жерлерге өнім егілмей қалды. Ол да миллиардтаған ақшаның көзі болса керек. Осыны назарға алуды сұраймыз. Керек болса, арнайы органдар мен агенттік қызметкерлерін беттестіріп, бәрін ашық айтуға даярмыз", - деді Заxаров.
Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекпаев бәрін өз кітапшасына түртіп алып: "Бұрынғы әкімнің байланысы бар дейсіз, өнім көлемін қолдан өсірсе, бәрін тексерейік. Бізде ондай мүмкіндік бар. Мен тапсырма беремін. Сосын бәрін тексеретін боламыз. Сізге жазбаша түрде жауап беремін", - деді.
Атаман Заxаровтың айтуынша, бұған дейін ол Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркельге xат жазған. Алайда ағайынды Кошалевтер оның үстінен арыз түсіріп үлгерген. Содан ол бір жыл бойы әуре-сарсаңға түсті, тергеуге алынды. Алайда оған қатысты күдіктер дәлелденбеді. "Енді, мен жемқорлыққа қарсы агенттіктің көмегін көрейін деп едім", - дейді Заxаров.
Айта кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан xалқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, xалық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Осыған орай, бүгін мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйым арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылып, бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді .