СҚО-ның Кедендік одақ елдерімен өзара тауар айналымы бірінші тоқсанда 31,5 пайызға артты

Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға көп, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
Облыс экономикасында сыртқы сауда маңызды орынға ие. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасындағы Кедендік одақ аясында құрылған Бірыңғай экономикалық кеңістіктің арқасында өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктері кеңейді. Кедендік одаққа кіру ішкі жалпы өнімнің өсіміне елеулі қолдауын көрсетуде. Сыртқы экономикалық байланыстар кеңеюде, сауда айналымы арту үстінде.
Ресей Федерациясы көптеген жылдар бойы Солтүстік Қазақстан облысының негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып қалуда. Жалпы тауар айналымы көлеміндегі Ресейдің меншікті салмағы 97,8 пайызды құраған.
Бұл ретте Кедендік одақ елдеріне экспорт 82,1 пайызға өсіп, 10,8 млн. АҚШ долларын, ал импорт 29,2 пайызға артып, 164 млн.АҚШ долларын құрады.