СҚО-ның өзен-көлдерінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында шағын өзендерде және көлдердеь мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ның өзен-көлдерінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары 15 наурыз күні басталды. Уәлиханов ауданындағы Сілеті өзенінің сағасында мамандар жарылыс жұмыстарын жүргізді.

28 наурызда су тасқынының алдын алу мақсатында мамандар Гусаковка, Жақсы-Жалғызтау, Имантау елді мекендерінің жанында Бабық-Бұрлық, Қарасу өзендерінің арнасында және Иманту көлінде жұмыс істеді.

«Өзен-көлдердегі мұзды жару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және СҚО ТЖД қызметкерлері қатысады. Ал жару жұмыстарын Көкшетау қаласының мамандандырылған ұйымы - «Көкше-БУР» ЖШС жүргізді. Су қоймаларындағы мұзды жару нәтижесінде кейін мұз кептелісі болмайды. Яғни су деңгейінің көтерілуіне жол бермейді», - дейді СҚО ТЖД алдын алу бөлімінің бастығы Сәкен Ағзамов.

Бұл күндері өзен-көлдерде барлығы 300 кг жарылғыш зат – петроген жарылды. Жұмыстар алдын ала келісілген уақытта кезең-кезеңмен 7 учаскеде жүргізілді.

Алдағы күндері Тайынша және Ғ.Мүсірепов аудандарының өзендерінде осындай жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.