СҚО-ның полиция қызметкерлері жаңа жол жүру ережелері туралы айтып берді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 32 мыңнан астам солтүстікқазақстандықты әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО-ның полиция қызметкерлері жаңа жол жүру ережелері туралы айтып берді

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО ІІД басшысының орынбасары Қайрат Оразалин айыппұлдардың жалпы көлемі 257 миллион теңгеден асқандығын хабарлады. Олардың 179 миллионы өтелген.

«Қабылданған шаралардың арқасында СҚО бойынша өтелген айыппұлдар орташа республикалық 47,9%-дың жанында 69,8%-ды құрап, ҚР басқа облыстарының ішінде 2-інші орынға ие болдық», - деді Қайрат Оразалин.

Бірінші жартыжылдық нәтижесі бойынша барлық үш көрсеткіш бойынша апатты жағдайлардың төмендегені байқалған. Тіркелген жол көлік оқиғаларының саны -13,1%-ке, жол көлік апаты салдарынан қазақ тапқандар саны -45%-ке, жарақат алғандар саны - 8,3%-ке төмендеген.