СҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жаңа басшы келді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев ведомствоның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл жайында Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған Нұрлан Жахин мәлім етті.

Ернар Баянғазин 1978 жылы 5 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2000 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын бітірген.

2000 жылдан бастап 2018 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етті.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар