СҚО облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды (ФОТО)

Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұрын бұл қызметтi атқарған Мұратғали Әкетай Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
«ҚР Президентiнiң Жарлығына сәйкес 20 маусымнан бастап Солтүстiк Қазақстан облысының облыстық сотының төрағасы болып Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов тағайындалды. Өз кәсiбiнiң бiлгiрi қызметтiк жолын заңгер болып бастаған. 1994 жылдан берi сот жүйесiнде еңбек етедi. Соңғы бес жылда Ақтөбе облыстық сотын басқарған», - деп атап өттi Анатолий Смолин.
Сонымен қатар ол Солтүстiк Қазақстанның облыстық соты республикалық соттар арасында жетекшi орынға ие екенiн жеткiздi.
Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов өз сөзiнде Мұратғали Әкетай еңбек еткен уақытта сот қызметiне халық сенiмi айтарлықтай артқанын атап өттi.
«Мұратғали Абрарұлына облыстың сот жүйесiне сiңiрген еңбегi үшiн алғысымды бiлдiремiн. Сiз бен бiз мемлекет басшысының алға қойған ауқымды «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кiрiстiк», - дедi Ерiк Хамзаұлы.
Сәуiр айында қол қойылған тараптарды татуластыру институтын дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды. Облыстың барлық аудандарында, Петропавл қаласында, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында медиация кабинеттерi жұмыс iстейдi.
Ерiк Сұлтанов Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының жаңа төрағасының жұмысына сәттiлiк тiледi.
Ерлан Айтжанов өз кезегiнде артылған сенiм үшiн алғысын бiлдiрiп, Солтүстiк Қазақстан сотының жоғары деңгейiн сақтау үшiн бар күшiн салатынын жеткiздi.
Осы күнi Жоғары Сот Кеңесiнiң төрағасы облыс судьяларына Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жарлығымен тағайындалған СҚО арнайы ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Бауыржан Жайжұмановты, Петропавл қаласының қалалық сотының судьясы Нұрмахан Iлиясовты және Петропавл қаласының № 2 сотының судьясы Арайлым Жанатқызын таныстырды.