СҚО полицейлері іздеуде жүрген 41 адамды қолға түсірді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері іздеудегі 41 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Таяуда ғана Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Маңғыстау облысындағы әріптестеріне көмек көрсетті. Криминалды полиция қызметкерлері былтырғы жылдың наурыз айынан бері іздеуде жүрген 38 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын ұстады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы, 3 тармағы «Ұрлық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған азамат шамамен 1 миллион теңгедей ақша жымқырған.

«Ұрлық жасағаны үшін айыбын өтеуші Айыртау ауданының 36 жастағы тұрғыны мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған. Алайда ұзақ күткен бостандығына немқұрайды қарап, тіркеу орнынан кетіп қалған, тіркеуге келмеген, бірнеше рет мас күйде көзге түскен. Осы заңбұзушылықтардың барлығы оның қайтадан бас бостандығынан айырылуына әкелуі мүмкін еді. Соны ойлаған бұзақы қашып кеткен. Сот шешімімен оған іздеу жарияланды. Таяуда аталған азаматты Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері ұстады», - деді баспасөз қызметі.

СҚО ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Петр Климовтың айтуынша, жыл басынан бері қылмыстық іс қозғалған 53 адамға іздеу жарияланған. Олардың 41-і табылды. Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері ТМД елдеріндегі әріптестерінің іздеуіндегі 10 қылмыскерді ұстады. Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасында сот органдары мен тергеуден қашып жүрген 7 солтүстікқазақстандық қолға түскен.

null

Соңғы жаңалықтар