СҚО полицейлері «Киберқылмыс» жедел-алдын алу шарасының қорытындыларын шығарды

ПЕТРОПАВЛ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полицейлер «Киберқылмыс» жедел-алдын алу шарасының қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл опреация бүкіл облыс бойынша жоғарғы технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді. 

Ішкі істер департаментінің полицейлері облыс аудандарындағы әріптестерімен, сондай-ақ қаржы полициясының, әділет және кедендік бақылау қызметкерлерімен бірігіп контрафактілі аудио және видео өнімдердің сатылу орындарында кешендік рейдтерін өткізді.

Онымен қоса компьютерлік клубтар да тексерілді. Операция кезіндегі басты басымдықтар қатарына еркін айналымда тыйым салынған «пираттық» өнімдердің таратылу фактілерін анықтау болды.

«Облыс аумағында «Киберқылмыстар» операциясы өткізілді, оның барысында еркін айналымда тыйым салынған «пираттық» өнімдерді таратудың 18 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан барлығы 1050 шығарма орналастырылған 285 контрафактілік дискілер шығарылды.

4 компьютерлік клубтың қызметі тоқтатылды. 7 жүйелік блок алынып, Астана қаласына сараптамаға жіберілді», - деп баяндады СҚО ІІД-нің қылмыстық полициясындағы аса маңызды істер басқармасының аға қызметкері Александр Павелько.

Соңғы жаңалықтар