СҚО полицейлері көлікке жанармай құю стансысында жалған ақшаны төлемекші болған Көкшетау тұрғынын ұстады

Көкшетау қаласының 47 жастағы тұрғыны РФ-ның Нижний Тагил қаласына ағашқа бара жатты. Петропавлдың маңына ер адам көлікке жанармай құю стансысына кіріп, 10 мыңдық ақша белгісімен есеп айырыса бастады. Стансының операторы ақшаның жалған екенін анықтап, бұл туралы жүргізушіге хабарлады.
Бұл кезде көлікке жанармай құю стансысында болған мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері олардың әңгімелесуіне назар аударып, ол туралы бірден әріптестеріне хабарлады. Оқиға орнына келген жол полицейлері жүргізушіні ұстап, Қызылжар АІІБ-нің тергеу-жедел тобын шақырды.
Көлікті тексеру кезінде оның ішінен ақша қаражаттары табылды, анықталғандай, олардың арасында үш онмыңдық жалған ақша белгісі болды.
Жалған ақшаны алу фактісі бойынша барлық материалдар қаржы полицейлеріне тапсырылды, енді оларға ақшаның қайдан шыққанын анықтау керек. Ұсталған ер адам ақшаның жалған екенін білмегенін түсіндіруде.