01:52, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
СҚО полицейлері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап қайырымдылық сенбілігін өткізді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында криминалдық, көші-қон, жол-патрульдік полицейлер, жедел қызметкерлер қолына күрек алып, сенбілікке шықты. Аумақтық бөлімшелердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған, кезекшіліктегі қызметкерлерінен басқа жеке құрамы түгелдей айналаны тазалау мен абаттандыруға атсалысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Бұл сенбілік ең қасиетті мереке - Жеңістің 70 жылдығына орайластырылып отыр. Облыс орталығын абаттандыруға үлес қосу әрі әкімшілік ғимараттарды тазалап, үлгі көрсету біз үшін басты міндет болып табылады», - деді СҚО Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ақпан Дүкетбаев.
ІІБ ғимаратын және соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің баспаналарын абаттандыру жұмыстары аясында полицейлер бір күндік жалақыларын облыстық ІІД Ардагерлер кеңесі қорына аударуды жоспарлап отыр.