14:26, 24 Қараша 2011 | GMT +5
СҚО полиция қызметкерлері сот залынан қашып кеткен сотталған адамды іздестіріп жатыр
ТРОПАВЛОВЛ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері сот залынан қашып сотталған адамды іздестіріп жатыр.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қарашада, сағат 15.00 шамасында СҚО Қызылжар ауданы сотының мекемесінен Большая Малышка ауылының тұрғыны 30 жасар Рустам Қасымұлы Шариев қашып кеткен. Аудандық соттың үкімімен жасаған қылмысы үшін ол ҚР ҚК-нің 175-бабы «Ұрлық» бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Іздестіріліп жүрген азаматты қолға түсіру үшін ІІО-ның арнайы құрамы жасақталған. Сонымен қатар, Қазақстанның көрші облыстарына және Ресей Федерациясы шекарасы жанындағы облыстарға хабар берілді.
Полиция қызметкерлері кездейсоқ көрген адамдар мен куәгерлерді анықтау үшін Бескөл ауылын аралап, жүргізушілерден сұрастырып жүр. ІІО күшімен іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қызмет бабымен тексеру жұмыстары жалғасуда.