СҚО полициясында егіздердің екі жұбы еңбек етеді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жас мамандар - егіздердің жаңа жұбымен толықты.

СҚО полициясында егіздердің екі жұбы еңбек етеді
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Захар және Назар Коваленко ҚР Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі. Оқу орнын биыл үздік аяқтаған бесеудің қатарында ағайындылар Астанадағы ІІМ алқа отырысына қатысты.

СҚО полициясында егіздердің екі жұбы еңбек етеді
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Егіздер полиция мамандығын мектепте оқып жүргенде таңдаған – екеуі де құқықтануға қызығушылық танытып, әділеттілік жолында қызмет атқаруды мақсат еткен. Сондай-ақ спортта да бірқатар жетістікке қол жеткізген. Осылайша, олар академияға оқуға түсіп, жақында Захар полиция лейтенанты погонын салтанатты жағдайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алды.

СҚО полициясында егіздердің екі жұбы еңбек етеді
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

- Мектептен кейін академияға оқуға түсеміз деп шештік және біреуіміз оқуға түсе алмасақ екіншіміз де ол мамандықтан бас тартамыз деп келістік. Кішкентай кезімізден бұл біздің қағидамыз, нені болсын бірге істейміз, - дейді ағайындылар.

16 маусымнан бастап Коваленколар Петропавл қалалық полиция басқармасының бөлімшелерінде криминалист болып қызметке кірісті.

 СҚО полициясында егіздердің екі жұбы еңбек етеді
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

- Біз ұнатқан мамандығымыз бойынша еңбек етіп жатырмыз, адамдарға көмектесу, қылмыскерлерді әшкерелеу, қоғамды қауіпсіз ету ұнайды және бір салада еңбек етіп жүргенімізге қуаныштымыз. Біз «күш – бірлікте» деген сөздің мағынасын жақсы түсінеміз. Егер барлығы заңды сақтайтын болса, біз біртұтас әрі мықты мемлекет боламыз, - дейді Назар Коваленко.

 СҚО полициясында егіздердің екі жұбы еңбек етеді
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

СҚО полициясында еңбек етіп жүрген егіздердің екінші жұбы – капитан Лидия Логинова және лейтенант Надежда Хлевова. Олар СҚО ПД арнайы және мобилизациялық дайындық басқармасында инспектор болып жұмыс істейді.

Бұған дейін СҚО жолдарында «ақылды» бейнекамералар саны артқанын жазған едік.

  СҚО полициясында егіздердің екі жұбы еңбек етеді
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

Соңғы жаңалықтар