СҚО шаруашылықтарының бірі қазақтың ақбас тұқымды сиырын өсірумен белсенді айналысуда

Бұл - байырғы шаруашылықтардың бірі. 2012 жылы «Алабота» асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС 80 жылдық мерейтойын атап өтті.
«Қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малы жылдам жетіледі. Сондай-ақ етінің дәмдік сапасы жоғары. Оның үстіне күй талғамайды», - деп әңгімеледі «Алабота» асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС бас зоотехнигі А.Малиновский.
Соңғы онжылдықта Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары «Алабота» асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС мамандарымен бірлесіп, қазақтың ақбас тұқымды сиырының сапалық қасиеттерін жетілдіре түсіп, үш жаңа зауыттық желісін өсіріп шығарды. Бас зоотехниктің айтуынша, асылдандыру жұмыстарының арқасында тұқымның сапалық көрсеткіштері арта түсті, сауын сиырлар сүтті көп бере бастады. Жас мал тәулігіне 1000-1200 грамға дейін салмақ қосуда. Зауытта асылдандырылған малдың тағы бір желісін байқап көру жұмыстары жүргізілуде.
«Бүгінде біз 104 бас қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын саттық, соның ішінде оның 79 басы - Солтүстік Қазақстан облысына, 25-і - Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарына, 61 басы - Тайынша ауданына және 11-і - Алабота ауылдық округіне сатылды», дейді А.Малиновский.